Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504  «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-Ө-М бұйрығына, «Аршалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 03 наурыздағы № 04 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Аршалы ауданы әкімінің 2021 жылғы 20сәуірдегі № 11 шешіміне сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                        Г. Ахимова

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков



Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
28 апреля 2021