Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер бойынша комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № А-116 «Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер бойынша комисситя құру туралы» 2010 жылғы 25 мамырдағы № А – 219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер бойынша комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                        Г. Ахимова

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер бойынша комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
28 апреля 2021