Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 02 қыркүйектегі № 61/5 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № А-122 «Аршалы ауданы әкімдіктің қаулысына 2020 жылғы 28 тамыздағы № А-174 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 02 қыркүйектегі № 61/5 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                        Г. Ахимова

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 02 қыркүйектегі № 61/5 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
28 апреля 2021