«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 129 учаскелік сайлау комиссиясы
Кооп Ольга Владимировнаны, 1982 жылы 14 шілдеде туған, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Аршалы аудандық филиалының басшысы, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан»;
№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы
Бортникова Алена Алексеевнаны, 1993 жылы 02 желтоқсанда туған, «Ижев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан»;
№ 137 учаскелік сайлау комиссиясы
Косова Галина Ивановнаны, 1960 жылы 13 наурызда туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша Ижев ауылының
жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан»;
№ 151 учаскелік сайлау комиссиясы
Төлеген Әділет Ғаниұлын, 1993 жылы 06 қарашада туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Қостомар ауылының негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары», «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г. Ахимова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков