«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің құрылымы мен штат саны осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Аудандық мәслихат хатшысына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимиттер мен қаражаттандырудың шегінде техникалық персоналдың құрылымы мен штат санын бекіту құқығы берілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 05 қазандағы № 64/2 «Аршалы аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санынын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г. Ахимова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков