Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № А-81 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрамда бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 65/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                      А. Анюхина

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы
Дата публикации
17 марта 2021