Аршалы ауданында санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету шаралары мен жағдайы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Аршалы аудандық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ (бұдан әрі-басқарма)басшысының  міндетін атқарушыГүлбар Бақытбекқызы Айтқазинаның «Аршалы ауданында санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету шаралары мен жағдайы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап,  Аршалы аудандық мәслихаты Аршалы ауданындағы эпидемиологиялық жағдай қолайлы, коронавирустық инфекциямен сырқаттану тұрақты екендігін атап өтті.

Пандемия басталғаннан бастап 2021 жылдың 16 наурызға дейін Аршалы ауданында коронавирустық инфекцияның 345 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның 129-ы симптомдармен, 216-сы симптомсыз вирус тасымалдаушы. 2 өлім жағдайы тіркелді.

Ересек тұрғындар арасында ауырғандардың ең көп саны – 303 жағдай (87,8 %), 18 жасқа дейінгі балаларда  -42 (12,2 %).

Ағымдағы жылдың екі айында оқушылар арасында аурудың 11 жағдайы тіркелді. Оқушыларды жұқтырудың негізгі себебі оқу процесінде шектеу карантиндік шараларын сақтамау болып табылады.

Коронавирустық инфекцияның өсуі мен таралуына жол бермеу мақсатында ауданда санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мониторингтік топтар құрылды. Сондай-ақ, ауданда мобильді мониторингтік топ жұмыс істейді.

80 рейд жүргізілді, 322 нысан рейдтік тексерулермен қамтылды. 60 объектіде карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталды. Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды, 60 айыппұл салынды.

Аршалы аудандық ауруханасынан келіп түскен шұғыл хабарламалар бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 4 әкімшілік айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде жеке қорғаныш құралдарының, тері антисептигі бар санитайзерлердің, санитариялық тораптарда жеке гигиена құралдарының болмауы, қызметкерлердің жұмысқа шығу журналдарында белгілердің болмауы және профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды жүргізудің сақталмауы анықталды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Ақмола облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Аршалы ауданына ағымдағы жылдың 2 наурызында 180 доза келіп түсті, 16 наурыздағы жағдай бойынша бірінші компонентпен 115 адам егілді. Аршалы ауданы бойынша 9 егу пункті дайындалды, олар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге қатысады.

Атмосфералық ауаның сапасына бақылау жүргізу мақсатында басқарма 8 бақылау нүктесіндегі маршруттық бекеттер бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейіне мониторинг жүргізеді. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Аршалы бөлімшесімен 6 ингредиент шекті рұқсат етілген концентрацияны анықтайды. Осылайша, 2020 жылы 5424 сынама зерттелді, оның ішінде 18 сынама шекті рұқсат етілген концентрация нормасынан асып кетті.

Өндірістік зертхананың болмауына байланысты өнеркәсіптік объектілерде ведомстволық бақылау жүргізілмейді.

Аудандағы радиациялық жағдай тұрақты. 2020 жылы жүргізілген гамма-фон өлшемдерінің 3000-нан шекті жол берілетін деңгейден асып кету анықталған жоқ.

Халықтың су құбырымен қамтамасыз етілуі 99,7% - ды құрайды, оның ішінде ашық көзден 15,5% - ы, жерасты суынан 84,3% - ы. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау 31 су құбырынан жүзеге асырылады. Мониторинг деректері бойынша су құбыры суының микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздігінің үлес салмағы 3,8% - ды құрады. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша су құбыры суының сәйкессіздігінің үлес салмағы 14,8% - ды құрады.

Аршалы ауданы бойынша ауыз суға зертханалық зерттеулер жүргізу барысында 886 сынаманың 41-іне сәйкес келмейтіні анықталды.

Талдау нәтижелері бойынша Донецкое ауылында және Анар станциясында ауыз судың микробтық және вирустық ластануы байқалады, онда су ашық су қоймаларынан алынады, бұл бірқатар аурулардың пайда болу қаупін тудырады.

Ауыз су сапасының қанағаттанғысыздығының негізгі себептері сумен жабдықтау көздерінің ластануы, су құбырларында тазарту құрылыстарының, зарарсыздандыру қондырғыларының болмауы және су құбырлары мен тарату желілерінің жоғары тозуы болып табылады.

Санитарлық талаптарға сәйкес су тарту құрылыстарының санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуі биіктігі кемінде 2,5 метр бітеу қоршаумен жабдықталып, күзетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда, жүргізілген талдау көрсеткендей, тек 5 сумен жабдықтау объектісінде тиісті қоршау бар, қалған 26 қоршау талаптарға сәйкес келмейді. Бірде-бір су құбыры мамандандырылған қарулы күзетпен қамтамасыз етілмеген. Тәулік бойы күзетпен 6 сумен жабдықтау объектісі қамтамасыз етілген, қалған 25 объектіде күндізгі күзет бар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Аршалы аудандық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысының міндетін атқарушы Г.Б. Айтқазинаның «Аршалы ауданында санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету шаралары мен жағдайы туралы»ақпараты назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Аршалы аудандық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ ұсынылсын:

- аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы және басқа да ауру түрлерімен сырқаттанушылықты төмендету бойынша жұмысты одан әрі жүргізу;

- «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Аршалы Су-2030» ШЖҚ  МКК бірлесіп халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырсын, осы мақсатта су құбырлары құрылыстарының техникалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырсын.

  1. Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:

- сумен жабдықтау объектілерін мамандандырылған қарулы күзетпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;

- эпидемиологиялық қауіпті ескере отырып, аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын жақсарту мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу көзделсін.

  1. Анар ауылдық округінің әкіміне су құбыры және тарату желісіне тазарту құрылыстарын орнату үшін ақшалай қаражат қарастыру ұсынылсын.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                          А. Анюхина

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

Аршалы ауданында санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету шаралары мен жағдайы туралы
Дата публикации
17 марта 2021