Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы» Заңындарына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № А-13 «Аршалы ауданы әкімідігінің «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы № А-21қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алужәне жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                       А. Анюхина

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

Дата публикации
08 февраля 2021