Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 104 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8 665 101,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 488 134,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 455,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 150 100,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 016 412,0 мың теңге;
2) шығындар – 8 779 253,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 114 453,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 170 645,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 192,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 29 800,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 29 800,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 258 405,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 258 405,4 мың теңге.»;
7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2021 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 32 569,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы А. Анюхина
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімдігі
«СОГЛАСОВАНО»
Акимат Аршалынского района