Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 41/10 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/10 «Аршалы ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы А. Анюхина
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков