Аршалы аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 37/3 шешімімен
бекітілген
«Аршалы аудандық мәслихаты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
Егер аудандық мәслихатқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Аршалы аудандық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету;
2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
1) құқықтары:
- өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу, депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдау;
- мәслихат қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан алуға;
- қаралып отырған мәселе бойынша түсініктеме беру үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың лауазымды адамдарын шақыруға;
- аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- Аршалы аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
-аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
1) аудандық мәслихаттың сессияларын, тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмысты жүзеге асыру;
2) аудандық мәслихат сессияларын және тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету;
3) аудандық мәслихат отырыстарының онлайн-трансляцияларын жүзеге асыру;
4) аудандық мәслихаттың, оның тұрақты және уақытша комиссияларының актілерін орындау мерзімдері мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру;
5) аудандық мәслихатқа жіберілген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын қамтамасыз ету
8) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сауалдарының уақтылы қаралуын және іске асырылуын бақылау;
9) іс қағаздарын жүргізу, мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
10) іс қағаздарын қазақ және орыс тілдерінде жүргізуді, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарауды, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру,
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
1-2) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) мәслихатқа сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұдайы ұсынады;
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
6-1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;
10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
11) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Аудандық мәслихаттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Аудандық мәслихаттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату