Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-09/204 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 03 сәуірдегі № 34/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Қосымша

Дата публикации
19 октября 2026