Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні;
4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
5) 1 қазан – Қарттар күні;
6) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;
7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
8) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
басқа мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
Ауғанстаннан басқа, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тарқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 1 қазан – Қарттар күніне:
ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:
1) кірістері есепке алынбай:
дүлей зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге ай сайын 3,5 (үш бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге ай сайын 2,5 (екі бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде бір рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2) кірістерді ескере отырып бір рет:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев