Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1   тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

 «1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 9 741 172,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 755 847,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 42 055,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 510 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 433 270,0 мың теңге;

2)  шығындар – 9 936 434,6 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 114 187,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 233 550,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 119 363,0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) – -309 449,5 мың теңге;

6)..бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -309 449,5 мың теңге;

7)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 309 449,5 мың теңге;

қарыздар түсімі – 233 550,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 119 363,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 195 262,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1–қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Қосымшалар

Дата публикации
19 октября 2026