Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LVIII кезектi сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті LVIII сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары жөніндегі есебі туралы;

2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 04 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

7) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құрамын бекіту туралы;

8) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
19 октября 2026