№ 1 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Аршалы кенті                                                                2026 жылғы 25 қыркүйек

 

Аршалы ауданының аумағында

тұрақты ауданішілік әлеуметтік

маңызы бар автомобиль жолаушылар

тасымалдарына тарифті келісу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес Аршалы аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Е.Б. Дакардың Аршалы ауданының аумағында тұрақты ауданішілік әлеуметтік маңызы бар автомобиль Жолаушылар тасымалы тарифін келісу туралы ақпараты назарға алынсын.

- «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ұсынған Аршалы ауданының аумағында тұрақты ауданішілік әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолаушылар тасымалдарына тариф келісілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау бірлескен отырысқа қатысқан тұрақты комиссияларға жүктелсін.

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының

экономика, бюджет, аграрлық

мәселелер және индустриялық-инновациялық

даму мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы                                                М. Түгелбаев

 

Аршалы аудандық мәслихатының

әлеуметтік мәселелер, заңдылық,

экология және табиғат пайдалану

жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрайымы                                                                 А. Анюхина

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026