№ 7 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                2026 жылғы 25 қыркүйек

 

 

Аршалы ауданында

Қазақстан Республикасының

2022-2026 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

тұжырымдамасының негізгі басым

бағыттарын іске асыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы А.С. Акылбекованың «Аршалы ауданында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі басым бағыттарын іске асыру туралы» ақпаратты назарға алсын.
  2. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ ұсынылсын.

- мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, белгіленген шектеулер мен талаптарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ халық үшін тиісті ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                             А. Анюхина

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026