«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/3 «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Аршалы аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Балташев
Қосымша