Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

         № 146 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлансын:

         Саветова Наталья Николаевна, 2001 жылы 28 тамызда туған, «Николаевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалының атынан.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  

Аудандық мәслихатының төрағасы                                               Ә. Балташев

Дата публикации
08 сентября 2026