Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қанңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы»;

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Түгелбаев Марат Амангелдіұлы сайлансын.».

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
08 сентября 2026