Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                    2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                     2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
08 сентября 2026