Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының LVI кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LVI сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кенттерінің, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 қанңтардағы № 31/4 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 04 қарашадағы № 42/7 «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
08 сентября 2026