№ 3 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                      2026 жылғы 18 маусым

 

 

Аршалы ауданындағы қоғамдық тәртіпті

қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес, әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Д. Жандарбековтың «Аршалы ауданындағы қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. А«ршалы ауданының полиция бөлімі» ММ ұсынылсын.

- білім беру ұйымдарында жол қозғалысы ережелерін сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың және қауіпсіздікке өзге де қатерлердің алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастыру;

- жауапты қызметкердің ауылдық округтерге баруымен электроциклдерді тіркеу және техникалық байқау кестесін әзірлеу.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                А. Анюхина

 

 

Дата публикации
23 июня 2026