№ 1 ҚАУЛЫ экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары

 2026 жылғы 18 маусым                                                                               Аршалы к.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР Заңының  14,15 - баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.В. Ниевинаның 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Ауданның экономика және қаржы бөліміне ұсынылсын:

1) Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.В. Ниевинаның 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы ақпараты назарға алынсын.

2) әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Көрсеткіштердің төмендеуі байқалатын бағыттарға ерекше назар аудара отырып, өңірді одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау.

3) жоспарлау мен салықтық әкімшілендірудің сапасын арттыруға, берешекті бюджетке төмендетуге және жоюға және өзінің салық базасын кеңейтуге бағытталған шаралар қабылдауға міндетті.

4) шығыстардың жекелеген түрлері бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлемдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қатаң қаржылық тәртібін сақтауды қамтамасыз етуге, дебиторлық және кредиторлық берешектерді қысқарту, оның одан әрі өсуі мен қалыптасуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуге міндетті.

5) бөлінген қаражаттың 100% игерілуін қамтамасыз ету және ауданның қаржылық әлеуетін тиімсіз пайдалануды болдырмау мақсатында бюджеттік бағдарламалардың уақтылы орындалуын бақылауды күшейту және бірнеше рет түзету тәжірибесін азайту.

 6) аванстық дебиторлық берешекті өтеу жөнінде, сондай-ақ жалақы, салықтар төлеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге қаражат тапшылығын болдырмайтын қаржыландыру лимиттерін сапалы жоспарлау жолымен кредиторлық берешектің өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға құқылы.

7) нысаналы бағдарларға қол жеткізгені үшін мемлекеттік органдар басшыларының дербес жауапкершілігін күшейтуге және негізгі көрсеткіштердің орындалмауын болдырмау және бағдарламалық құжаттың толық іске асырылуын қамтамасыз ету үшін даму жоспарын іске асырудың тоқсан сайынғы мониторингі жүйесін енгізуге міндетті.

8) өткен жылдардағы кредиторлық берешекті уақтылы өтеуге назар аудара отырып, 13 ауыспалы объект бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестелерін сақтауды қамтамасыз етуге және жаңа бастамалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жеделдетуге міндетті.

  1. Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.С. Жантемировтың «Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік басқармасының 2025 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынылсын:

         1) бюджетке түсетін қаржы қаражатын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Тұрақты

комиссияның төрайымы                                                                 Г. Ахимова

Дата публикации
22 июня 2026