Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 51/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихатының

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,  «Аршалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № А-06/115 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № А-02/31 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы»  қаулысына өзгерістер енгізу туралы»»  қаулысына сәйкес,  Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 51/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
22 июня 2026