«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/2 «2026-2028 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) «Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/3 «2026-2030 жылдарға арналған Аршалы ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев