Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 45/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1.2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 9 727 602,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 755 847,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 28 485,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 510 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 433 270,0 мың теңге;
2) шығындар – 9 922 864,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 114 187,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 233 550,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 119 363,0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -309 449,5 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 309 449,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 233 550,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 119 363,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 195 262,5 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1–қосымшасы осы шешімнің 1–қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Аудандық мәслихаты
төрағасының м.а. Г. Ахимова