Ақмола облыстық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ. 24 тамыз 2022ж.
«Ақмола облысының аумағында
профилактикалық, эпидемияға қарсы
және туберкулезге қарсы іс-шаралардың
орындалуы туралы»
Облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.С.Омархановтың, Қоңыратбек Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Ж.Р.Махашевтың, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының басқа да өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, талқылаған соң, облыста эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша салыстырмалы түрде тұрақты жағдай байқалады.
2020 жылы COVID-19 зертханалық расталған 7247 жағдай тіркелген, 2021 жылы – 42434, 2022 жылы-21480, тамыздың 10 күнінде-946.
Маусымдық уақытта ЖРВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері артып келеді (өткен жылдың эпидемиологиялық маусымымен салыстырғанда 1,3 есе өсті).
Осы аурулар бойынша уақтылы вакцинацияламау және ревакцинация, тұмауға қарсы иммундаумен қамту мәселесі өткір тұр.
Туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады (2021 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,1 есеге өсті) – осы жылы 190 анықталған жағдай, балаларға да шабуыл күшеюде – жасөспірімдер арасында аурудың өсуі байқалады. Жасөспірімдер арасында Аршалы, Бурабай, Есіл, Целиноград аудандарында және Степногорск, Көкшетау қалаларында 7 жағдай тіркелген (2021 жылы - 5 жағдай).
Жаңа туған нәрестелерді туберкулезге (БЦЖ) қарсы вакцинациялау бойынша ұсынылатын көрсеткішке (95,0%-дан кем емес) қол жеткізілген жоқ: Астрахан (93,6%), Бұланды (93,2%), Бурабай (91,6%), Есіл (91,4%), Жақсы (89,7%) аудандарында және Степногорск (92,3 %), Көкшетау (92,7%).
Ақмола облысы балаларды туберкулезге қарсы вакцинациялаумен қамту бойынша республика бойынша соңғы орында тұр.
Бруцеллез бойынша да қолайсыз жағдай, 5 еседен астам өсу байқалады. Байланыста болған тұлғаларды тексеру уақтылы жүргізілмейді, мысалы, Целиноград ауданы бойынша – 44 күннен кейін, Бұланды ауданында – 23 күннен кейін, Жарқайың ауданы бойынша – 15 күннен кейін, Атбасар ауданы, Біржан сал ауданы, Степногорск қаласы бойынша-10-12 күннен кейін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде облыстық мәслихаттың экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) облыстық денсаулық сақтау, ветеринария, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына:
- а.ж. 25 тамызда Ақмола облысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай бойынша проблемалық мәселелерді шешу жолдарын көрсете отырып, облыстық мәслихат аппаратына ұсыныстар берілсін.
2) Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:
- бюджетті кезекті нақтылауда Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларды орындауға ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырсын;
3) Ақмола облыстық мәслихатының аппараты:
- эпидемияға қарсы шараларды әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс кеңесін ұйымдастырсын.
Ақмола облыстық мәслихатының
экономика, бюджет және әлеуметтік
саланы дамыту мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы Ғ.Бекмағамбетов