Меню

Страницы

Статья

Мемориалға гүл шоқтарын қойды

Көкшетауда Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары да қатысты.

Мәслихат хатшысы Мұрат Балпан депутаттар Елена Мащинская, Талғат Жүнісов, Умар Шоназаров, Айнагуль Балташева, Ғалым Бекмагамбетов, Марат Сырлыбаев  Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бегелдинов және Мәңгілік алау ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

«Даңқ мемориалындағы бір минуттық үнсіздік пен үш дүркін оқ ату – Ұлы Отан соғысының құрметті ардагерлеріне және Ұлы Жеңісті жақындатқандардың бәріне деген құрмет», – деді Мұрат Балпан.

Қала тұрғындарының назарына «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» концерттік бағдарлама ұсынылды. Жиналғандарды мерекемен құттықтай отырып, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Жеңістің 77 жылдығын көзі көрген жалғыз соғыс ардагері – Казимир Борисович Беймартқа Көкшетау қаласының Құрметті азаматының белгісін тапсырды.

Күні бойы қала тұрғындарының назарында облыс орталығының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламалары болды, ал кешке көкшетаулықтардың алдында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айгүл Иманбаева өнер көрсетті.

 

Дата публикации
11 мая 2022
Дата обновления
11 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
11 июня 2026
Жаңа Конституция - Қазақстан дамуының жаңа кезеңі және өңірлердің рөлін күшейту
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
20 декабря 2022
2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы. Тұрақты комиссиялардың 2022 жылғы 23 қарашадағы қаулысы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы