Меню

Страницы

Статья

Депутат сағаты

"Акмолинская правда" газеті мен Ақмола облысы мәслихатының бірлескен жобасы.

Алда үлкен міндеттер тұр…

«Азаматтардың өкілді билікке сенімін арттыру үшін мәслихаттарға ерекше назар аудару қажет. Күшті мәслихаттар өзекті мәселелерді шешуге және өңірлердегі өмір сүру сапасының өсуіне ықпал етеді».

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында жарияланған реформалардың Жаһандық жоспарын іске асыруда мәслихаттарға үлкен рөл жүктейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуы тиістігіне назар аударды. Белсенді, беделді жергілікті қоғамдастықтар - қазақстандық қоғамның барлық салаларында қажетті, пісіп-жетілген өзгерістерді бүкілхалықтық қолдаудың кепілі.

Тәуелсіздікке қол жеткізудің алғашқы, өте күрделі жылдарында биліктің тиянақты вертикалі орынды әрі қажетті болды. Бірақ қоғам дамыған сайын шамадан тыс орталықтандыру белгілі бір тежегішке айналады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту процесі заңнамалық базаны өзгертуді, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың азаматтық белсенділігінің нақты өсуін көздейді. Адамдардың оң белсенділігі, ауылды, ауылдық округті басқаруға тарту қажеттілігін түсіну келеді. Адамдардың менталитеті заңға қарағанда баяу өзгереді.

Әрине, азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуға мәжбүрлеуге болмайды. Тартудың түрлі нысандарын кезең-кезеңімен пайдалану, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық мойындаумен уәждеу қажет. Бұл өкілді билік үшін маңызды міндет.

Біз әрқашан биліктің екі тармағының – атқарушы және өкілді биліктің мақсаты бір: халықтың тұрмыс сапасын арттыру екендігіне баса назар аударамыз. Бұл сөздердің артында - бәрі: мектептер, бақтар, ауруханалар, жолдар... және адамдардың сенімі – біздің ең үлкен, басты капиталымыз.

Бұл жерде жергілікті депутаттардың рөлі өте маңызды. Әрбір халық қалаулысы өз ауылында, ауданында, қаласында болып жатқан оқиғаларға дербес жауапты болады. Біздің әрқайсымыз жалпы маңызы бар стратегиялық міндеттерді, жалпы өңірлік проблемаларды шешу, өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын дәйекті орындау үшін саяси жауаптылықта болады.

Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысуы әкімдердің шешімдер қабылдау процесінің ашықтығына, жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге, өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдар мен қалалардың өркендеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, халықпен жұмыс істеу тәжірибесі өзін-өзі басқару мәселелерін шешуде халықтың өзінің енжарлығын куәландыратын кейбір факторларды анықтайды. Мұның басты себебі – құқықтық мәдениет пен азаматтардың хабардар болу деңгейінің жеткіліксіздігі. Тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенімсіздігі, қабылданған шешімдерге әсер ету мүмкіндігіне сенімсіздік маңызды рөл атқарады.

Ауылдық әкімдіктерді қоғамдық пайдалы бастамаларды қолдау мен дамыту мүмкіндігінен айыратын материалдық-қаржылық базаның әлсіздігі де маңызды себеп болып табылады. Ауыл әкімдіктерінің басым көпшілігінде қаржы қаражаты жетіспейді және олар жоғары тұрған бюджеттерді қолдауға үміт артуға мәжбүр, бұл жергілікті биліктің дербестігін өте проблемалы етеді.

Бүгінгі таңда ауыл әкіміне жүктелетін жауапкершілік деңгейі оның қолындағы ресурстармен салыстыруға келмейді.

Мемлекет басшысының мемлекетті және бүкіл қоғамды топтастыру қажеттігі туралы хабары әрқайсымызға арналған. Мемлекет басшысын нақты істермен, ортақ күш-жігерімізбен, проблемаларды жігерлі және табанды шешумен қолдау үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

 

Мұрат БАЛПАН,
облыстық мәслихат хатшысы

 

Дата публикации
06 мая 2022
Дата обновления
06 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
11 июня 2026
Жаңа Конституция - Қазақстан дамуының жаңа кезеңі және өңірлердің рөлін күшейту
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
20 декабря 2022
2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы. Тұрақты комиссиялардың 2022 жылғы 23 қарашадағы қаулысы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы