Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен қаулысы
Көкшетау қ. 2022 жылғы 13 желтоқсан
2023-2025 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.М. Дүзелбаевтың 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы бойынша баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.Белгіленді:
- бюджет жобасының негізгі көрсеткіштері облыс экономикасының және жалпы республикамыздың дамуының қалыптасып келе жатқан үрдістерін ескере отырып айқындалған, ол дәстүрлі түрде халық алдындағы басым әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағдарланған;
- әлеуметтік салаларды жалпы қаржыландыру 56,4% құрайды.
- атқарушы орган 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы барысында отырыста депутаттар айтқан мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарасын.
Экономика, бюджет және
әлеуметтік саланы дамыту
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрағасы Ғ. Бекмағамбетов
Өңірдің нақты секторын дамыту
және заңдылық мәселелері
жөніндегі комиссияның төрағасы М. Шәмшінұров
«2023-2025 жылдарға арналған облыстық
бюджет туралы» мәселе бойынша облыстық
мәслихаттың тұрақты комиссияларының
бірлескен қаулысына қосымша
Қорытынды
2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын зерделеп, талдағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары келесідерді атап өтті.
Бірінші кезекте халықтың аз қамтылған және қорғалмаған топтарының мүдделері қорғалды:
- мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетуге және әлеуметтік көмек көрсетуге (мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың әзірленген жеке бағдарламаларына сәйкес) 1,2 млрд. теңге жоспарланған;
- 10 облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ұстауға және тиісті жұмыс істеуіне 5,1 млрд. теңге қарастырылған;
- 1 млрд.теңгеден астам жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге қарастырылған.
2023 жылы білім беру саласына 209 млрд.теңге, оның ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында салынатын мектептерді ұстауға - 417 млн. теңге.
Денсаулық сақтау саласына 10,6 млрд. теңге қарастырылған.
Экономиканың нақты секторын қолдауға 79 млрд. теңге жоспарланған. Ол бұрын көзделген жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және игеру, оның ішінде: көлік инфрақұрылымын, сумен жабдықтау жүйелерін, тұрғын үй құрылысын дамыту.
2023 жылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 45,6 млрд. теңгені құрайды, ол тұқым шаруашылығын дамытуды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға, кредиттеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға және т.б. бағытталатын болады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды сақтау өте маңызды. Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету жалғасады, оған жыл сайын 2 млрд.теңгеден астам қаражат көзделеді.
Ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыру үшін 2023 жылға арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 79 жоба бойынша 12 млрд.теңге қарастырылған. Облыстың 15 өңірінде барлығы 122 мыңға жуық адам тұратын 52 ауылды (39 – тірек, 13 - спутниктік) қамту жоспарлануда.
Депутаттардың үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасына ұсыныстарының шамамен 35%-ы (766 жобаның 267-сі) 53 млрд.теңге сомасына оң шешім тапты.