АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ
Көкшетау қ.
2022 жылғы 23 қараша
2023-2025 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы туралы баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне:
- айтылған ұсыныстарды ескере отырып, бюджет жобасын пысықтасын;
- өз құзыреті шеңберінде а.ж. 30 қарашаға дейін облыстық мәслихат аппаратына тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында айтылған депутаттардың сұрақтарына жазбаша жауаптар ұсынылсын (қосымшаға сәйкес);
2) облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы облыстық мәслихат аппаратына келесілерді ұсынсын:
- а.ж. 30 қарашаға дейін - облыс депутаттық корпусының ұсыныстары бойынша қорытындыларды (оң шешілгендерін көрсете отырып, 766 мәселе бойынша);
- а.ж. 5 желтоқсанға дейін – тиісті қосымшаларымен және а.ж. желтоқсанда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына дайындық үшін түсіндірме жазбасымен 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімінің пысықталған жобасын.
Экономика, бюджет және
әлеуметтік саланы дамыту
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрағасы Ғ. Бекмағамбетов
Өңірдің нақты секторын дамыту
және заңдылық мәселелері
жөніндегі төрағасы М. Шәмшінұров