Ақмола облыстық мәслихатының заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы
Көкшетау қ. 2022 жылғы 23 қараша
«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылмаған және берілген жерлерді қайтару жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы»
Облыстық мәслихаттың өңірдің нақты секторын дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, жер ресурстарын басқару департаменті басшыларының есептерін тыңдап, істердің жағдайын зерделеп, Ақмола облысының аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мониторингі Qoldau.kz порталы арқылы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүргізілетінін атап өтті.
Аудандар мен қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары Qoldau.kz порталында алынған космомониторинг нәтижелерін талдау бойынша жұмыс жүргізуде жайылымдық және егістік жерлерге қатысты МЖК ААЖ деректерінің жыл сайынғы жер балансына, ӨИС базасына сәйкестігіне қатысты.
Qoldau.kz порталы деректері бойынша Ақмола облысының аумағында, 2 646,6 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жері анықталды, оның ішінде ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдар (нормадан 100% артық жүктеме) 782,9 мың га.
Ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдарды шегергенде пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптардың ауданы 1 672,1 мың га, пайдаланылмайтын егістік 191,6 мың га құрайды.
Өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша мынадай шаралар қабылданды:
- 581,9 мың га алаңда пайдалануға кірісті (жайылым - 506,7 мың га, егістік - 75,2 мың га)
- 171,5 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды (жайылым - 159,5 мың га, егістік-12,0 мың га)
- банкрот деп танылды, кепілде - 336 мың га (жайылым-320,0 мың га, егістік-16,0 мың га)
- 782,9 мың га ұтымсыз пайдаланылған (100%-дан жоғары).
Бүгінгі таңда жұмыста 774,3 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бар, оның ішінде 623,2 мың га алқапта (жайылым - 569,6 мың га, егістік - 53,5 мың га), құзыретіне сәйкес тексеру іс-шараларын жүргізу үшін жер ресурстарын басқару департаментіне материалдар жіберілді.
Ағымдағы жылдың маусым - шілде айларында департамент ӨИС базасында жануарларды тіркемеуді тіркеудің болуы туралы жайылымдық жерлерге егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижесінде 807 мың га пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер анықталды, олар бойынша субъектілерде ӨИС базасында мал басы жоқ, не жүктеме пайызы 20%-дан аз. Бұл субъектілер ағымдағы жылы тексерумен қамтылған.
Бұл ретте департамент ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша тексерулермен қамту жоспарын жалпы ауданы 912 мың га болатын 334 субъектіге қатысты жүзеге асырады (оның ішінде нұсқамалар берілді-276 мың га, пайдалануға кірісті -116 мың га, мемлекеттік қорға қайтарылды-275,6 мың га. жұмыста-244,4 мың га.)
Ақмола облыстық мәслихатының өңірдің нақты секторын дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, жер ресурстарын басқару департаменті басшыларының ақпараты назарға алынсын.
1) пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмысты жалғастырсын;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурсты өткізу кезінде ҚР Жер заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3) пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырсын;
4) облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, жер ресурстарын басқару департаментінің басшыларына қабылданған шаралар туралы ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2023 жылғы 20 шілдеге дейін берілсін.
5) осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың өңірдің нақты секторын дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ақмола облыстық мәслихатының
өңірдің нақты секторын дамыту
және заңдылық мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы М.Шәмшінұров