«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-2-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № А-3/84 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-2-13 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізілсін:

Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы – Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары;

көрсетілген құрамнан шығарылсын: Б.С. Сапар;

«Жұманова Дана Маратқызы – Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы, сараптама кеңесінің хатшысы;» деген жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«Жұманова Дана Маратқызы – Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы, сараптама кеңесінің хатшысы;».

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақмола облыстық 

мәслихатының төрағасы                                                                   Б. Жүсіпов

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-27-10 шешімі
Дата публикации
09 апреля 2026