Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына, «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемі шегінде – қосылған құн салығын қоса алғанда 120 (жүз жиырма) теңге;
2) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда – қосылған құн салығын қоса алғанда 156 (жүз елу алты) теңге.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
|
«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Б. Жапаев 2026 жылғы «_31___» наурыз |