Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың есебін тыңдап және талқылап, Ақмола облыстық мәслихаты есептік кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша едәуір жұмыстар жүргізілгенін атап көрсетті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы
8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында сәйкес алға қойылған міндеттер белгіленіп,
басымдылықтар айқындалды, қабылданған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде экономиканың барлық салаларын дамыту бойынша бекітілген
іс-шараларды жүзеге асыру жалғасуда.
Қолданылған шаралар мен мемлекеттің ауқымды қолдауының арқасында экономиканың нақты секторында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша дамудың оң қарқыны қамтамасыз етілді.
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамытуға, еңбекке қабілетті халықты барынша жұмыспен қамтамасыз етуге, жаңа тұрақты
жұмыс орындарын ашуға баса назар аударсын.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов