«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі.
- «Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- «Ақмола облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы
21 желтоқсандағы № 7С-13-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы».
Баяндамашы: Жапаев Бақтыбек Бекенұлы – Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
- «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы.
Баяндамашы: Жапаев Бақтыбек Бекенұлы – Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
- Ақмола облысының ауылдық елді мекендеріне, кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 7С-13-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Баяндамашы: Ермек Нариман Ермекұлы - Ақмола облысының денсаулық басқармасының басшысы.
- «Ақмола облысының Қосшы қаласында 1500 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы» «толық бітіріп берілетін» құрылыс бойынша мемлекеттік инвестициялық жобасы шеңберіндегі мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
Баяндамашы: Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы - Ақмола облысының білім басқармасының басшысы.
- «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Баяндамашы: Төлегенова Венера Маратқызы - Ақмола облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары.
- «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Төлегенова Венера Маратқызы - Ақмола облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары.
- «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-2-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Төлегенова Венера Маратқызы - Ақмола облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары.
- Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов