Ақмола облысы Көкшетау қаласының саябағын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының «Борцам за революцию» саябағы «Бәйтерек» саябағы деп қайта аталсын.
  2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының бірлескен шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі             

 

      

М. Ахметжанов

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы

 

      

Б. Жүсіпов

 

Ақмола облыстық мәслихаты Көкшетау қаласы 2026 жылғы 3 наурыз № 8С-26-7 шешім
Дата публикации
09 апреля 2026