«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын құру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № А-2/48 қаулысының негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамы бекітілсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
- Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов