Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.     

  1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы
    № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы
    21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын және жер комиссиясы бойынша Ережені бекіту туралы.

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы.

Баяндамашы: Ермек Нариман Ермекұлы - Ақмола облысының денсаулық басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.

Баяндамашы: Сәбитова Айгүл Баубекқызы - Ақмола облысының мәдиниет басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысы Көкшетау қаласынының саябағын қайта атау туралы.

Баяндамашы: Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы - Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірдің мәселелерін шешу жөніндегі ғылыми кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 8С-13-20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Жоламанов Ермек Бақытжанұлы - Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 3 наурыздағы № 8С-26-1 шешімі
Дата публикации
09 апреля 2026