Көкшетау қ. 2026 ж. 2 наурыз
Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарының
қазіргі жағдайы: проблемалар мен даму перспективалары.
Денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде «Дипломмен ауылға»
жобасы шеңберінде мамандарды қолдаудың қолданыстағы шаралары.
Төрағалық етуші: Сыздықов С.Т. – облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы
Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері-депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері (тізім бойынша).
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Е. Ермек пен Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Қ. Шүгірмақованың ақпаратын тыңдап, талқылай келе, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары - мүшелері денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету өңірдің медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей әсер ететін басым міндеті болып қала беретінін атап өтті, бүгінгі таңда облыстың емдеу ұйымдарында кадр тапшылығы сақталуда.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ақпараты бойынша облыста 177 дәрігер мен 249 орта медицина қызметкерінің тапшылығы сақталуда, бұл ретте ауылдық жерлерде аса өткір тапшылық байқалады.
Жыл сайын жас мамандардың келуі қамтамасыз етіледі: 2025 жылы 256 медицина қызметкері тартылды, ал 2026 жылы түлектер санының одан әрі артуы күтілуде. Әлеуметтік қолдау шаралары да жүзеге асырылып жатыр: көтерме төлемдер қалада 5 млн теңгеге дейін, ауылдық жерлерде 8,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, аса тапшы мамандық иелеріне қосымша төлемдер қарастырылған.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы ауылдық жерлерде кадрларды бекітудің маңызды әлеуметтік қолдау шараларының бірі болып қала береді. Бағдарлама аясында мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы беріледі, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жылға дейін жылдық 1% мөлшерлемемен жеңілдетілген бюджеттік кредит ұсынылады.
Кредит көлемі аудан орталықтарында 2500 АЕК-ке дейін, ал ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК-ке дейін қарастырылған. Бұл қолдау шаралары ауылдық жерде кемінде үш жыл міндетті түрде жұмыс істеу шартымен беріледі.
2009-2025 жылдары денсаулық сақтау саласында 718 маманға 2,4 млрд. теңге бюджеттік кредит берілді және 1,6 мың медицина қызметкеріне 372 млн.теңге көтерме жәрдемақы төленді.
2025 жылы жәрдемақы түріндегі қолдау шараларын 185 медицина қызметкері алды, оның 30- ы бюджеттік кредиттер.
2026 жылы жалпы барлық көзделген қызмет салалары бойынша 235 маманға кредит және 700 адамға көтерме жәрдемақы беру жоспарланған. Қаржыландыру республикалық бюджеттен қарастырылған. Сұраныстың жоғары болуына және қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты бүгінгі таңда республикалық бюджеттен кезек сақталады: медицина қызметкерлері арасында - несиеге 127 адам және жәрдемақыға 91 адам.
Бұл ретте, 2009 жылдан бастап 793,4 млн. теңгеге бағдарлама шарттарын 1,2 мыңға жуық бұзушылық тіркелді, оның 82% - ы қайтарылды. 2026 жылғы 1 қаңтарға берешек 115 факті бойынша 144,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 17 бұзушылық - медицина қызметкерлері арасында.
Тәжірибе көрсеткендей, кадрларды тартудың шешуші мәселесі тұрғын үй мәселесі болып қала береді. 2025 жылы 93 дәрігерге тұрғын үй берілді (59 - ауылда, 34 - қалада). Қазіргі уақытта 32 медицина қызметкері баспанаға мұқтаж.
Мамандарды тартумен қатар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) гранттары есебінен кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021-2025 жылдар кезеңінде ЖАО гранты бойынша 163 резидент оқытылды. Резиденттердің барлық түлектерінің жалпы сомасы 56 млн. теңгеден асатын 14 адам бюджетке ақшалай қаражатты қайтарды.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кадр тапшылығы, түлектердің жұмыс істеуден бас тартуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және мамандардың көші-қоны сияқты проблемалық мәселелер қалып отыр.
Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық кадрларды даярлау мен бекітудің тиімділігін арттыру, оқуға бағытталған бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, сондай-ақ облыстың емдеу ұйымдарының тұрақты кадрлық әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҰСЫНУ:
2.1. Аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, таяудағы жылдарға арналған әрбір медициналық ұйым бойынша болжамды қалыптастыра отырып, нақты қажеттілікті, демографиялық жүктемені және инфрақұрылымның ахуалын ескере отырып, медициналық кадрларды даярлауға өтінімдерді өзектендіруді қамтамасыз ету.
2.2. Жіті тапшы мамандықтарды қоса алғанда, аудандар, қалалар және медициналық ұйымдар бойынша кадр тапшылығына жүйелі мониторинг жүргізу; тапшы мамандықтардың болжамды тізбесін қалыптастыру және денсаулық сақтаудың жаңа объектілерін іске қосуды ескере отырып, кадрларды бөлудің 3-5 жылға арналған кезеңдік жоспарын әзірлеу.
2.3. ЖАО гранттары бойынша білім алушыларды қоса алғанда, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін тарту және бекіту жөніндегі жұмысты күшейту.
2.4. Медициналық білім беру ұйымдарының түлектері арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
2.5. ЖАО гранттары бойынша білім алған түлектердің міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейту, облыстық бюджет қаражаты есебінен дайындалған мамандардың тұрақты мониторингі мен есебін қамтамасыз ету.
2.6. Ақмола облысы әкімдігінің «2026-2027 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына медициналық мамандықтар бөлігінде өзгерістер енгізу жөніндегі мәселе қаралсын.
2.7. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі арттыруды, тәлімгерлік институтын дамытуды, практиканы ұйымдастыруды, кейіннен түлектерді жұмысқа орналастырумен тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 мамырға дейін берілсін.
3.1. Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тұрақты мониторингін жүргізу.
3.2. Жыл сайын ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредиттерге қажеттілікті айқындау және облыстық және республикалық бюджетті бекіту, нақтылау (түзету) кезінде ұсыныстар енгізу.
3.3. Аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп бағдарламаға қатысушылардың келісім шарттарын сақтауы бойынша консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 шілдеге дейін берілсін.
4.1. Кадр тапшылығын төмендету және ЖАО гранттары бойынша келетін жас мамандарды бекіту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
4.2. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алушылардың міндеттемелерін орындауын бақылауды күшейту және келісімдердің талаптары бұзылған кезде қаражатты қайтару бойынша сотқа дейінгі жұмысты жандандыру.
4.3. Медицина қызметкерлерін қызметтік және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдау.
Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 шілдеге дейін берілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С. Сыздыков