Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының № 3 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                                        2026 ж. 2 наурыз

«Ақмола облысы азаматтарының

жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін,

оның ішінде дәрілік заттарды,

арнайы емдік өнімдерді, медициналық

бұйымдарды қосымша беру туралы»

шешім жобасын алдын ала қарау

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Е. Ермектің ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері - депутаттар аталған бастамаға қолдау білдіріп, тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемін ұсынудың сапасы мен ашықтығын талдау мен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Ақмола облысында тегін негізде дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз етуді қажет ететін ауыр және орфандық аурулардан зардап шегетін азаматтар тұрады.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, оған бюджет қаражаты есебінен берілетін аурулар мен дәрілік заттардың тізбесі бекітілген.

Сонымен қатар, жыл сайын пациенттерді бекітілген тізбеге енгізілмеген, бірақ сирек және аса ауыр аурулар кезінде жеке емдеу жүргізу үшін қажетті қымбат тұратын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөнінде өтініштер келіп түседі.

Қазіргі уақытта эпилепсия («Клобазам» препаратына қажеттілік), қысқа ішек синдромы (ұзақ мерзімді энтеральды және парентеральды тамақтану қажеттілігі; 3 жастан 18 жасқа дейін қамтамасыз етудің жас санатын кеңейту қажет), сондай-ақ Помпе ауруы (II типті гликогеноз) («Алглюкозидаза-альфа» препаратына қажеттілік) диагнозы бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді.

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын және ауыр және сирек аурулары бар пациенттерді емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мәслихаттың 2024 жылғы 27 маусымдағы №8С-11-10 шешімімен бекітілген Тізбеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.

Ұсынылып отырған шараларды іске асыру қосымша қаржыландыруды талап етпейді, өйткені шығыстарды облыстың денсаулық сақтау басқармасының бекітілген бюджеттік бағдарламалары шеңберінде қаражатты қайта бөлу есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

Баяндалғанды назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Н. Е. Ермектің ақпараты назарға алынсын.

Ұсыну:

  1. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына (Ермек Н.Е.):

2.1. Жан-жақты талдау жүргізу және облыстық мәслихатқа қажетті дәрілік препараттардың тізбесін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудың қажетті көлемін көрсете отырып, облыс азаматтарының, оның ішінде ауыр және орфандық аурулардан зардап шегетін, дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз етуді қажет ететін балалардың саны туралы талдамалық анықтама ұсыну.

2.2. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз ету.

2.3.  «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешім жобасы және шешім жобасына материалдар облыстық мәслихат кезектен тыс сессиясының қарауына енгізілсін.

  1. Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 3 сәуірге дейін берілсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                           С.Т. Сыздықов

Дата публикации
11 марта 2026