«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 3),4)-тармақшаларына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облыстық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге, оның аппаратын ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге 2026 жылға арналған шығыстары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов