Ақмола облыстық мәслихатының 2023-2025 жылдардағы депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы тұрақты комиссия төрағасының орынбасары У.Ф.Шоназаровтың баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін, Ақмола облыстық мәслихаты тұрақты комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ақмола облыстық мәслихатының регламенті мен комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Сегізінші шақырылған мәслихат жұмысының басынан бастап тұрақты комиссия 29 отырыс өткізді, онда халықты толғандыратын түйінді мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалды. Комиссияның қызметі өзекті мәселелерді анықтауға және талдауға, атқарушы билік органдары үшін сындарлы ұсынымдар дайындауға және Ақмола облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Жоспарлы отырыстар шеңберінде Комиссия:
- жол қозғалысының алдын алу бойынша құқық қорғау органдарының жұмысы туралы;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, осы адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету туралы;
- қолданыстағы заңнама шеңберінде Ақмола облысындағы мал қорымдарының жай-күйін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
- Ақмола облысының гидротехникалық құрылыстарының жай-күйі;
- Ақмола облысында Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы;
- облыс халқын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды одан әрі жетілдіру бойынша жағдайы мен қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ облыс аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы мәселелерін қарады.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы бар проблемаларды талдауға, сондай-ақ экожүйелерге теріс әсердің алдын алуға бағытталған уәкілетті органдардың іс-әрекеттерін бағалауға ерекше назар аударылды.
Баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облыстық малихаттағы басқа комиссиялармен және депутаттық фракциялармен бірлескен отырыстарды жұмыста белсенді пайдалану;
- тұрақты комиссияның жұмысына қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын кеңінен тарту;
- отырыстарын дайындаудың нысандары мен әдістерін әртараптандыру;
- көшпелі отырыстар өткізуді тәжірибеге енгізу, соның ішінде халықтың өзекті мәселелері мен проблемаларын зерделеу үшін кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
- шешім қабылдау процесіне халықтың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін жаңа әдістер мен тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдану;
- отырыстардың онлайн-трансляцияларын тұрақты негізде өткізу практикасы;
- бір жылдық жұмысты талдау және келесі есепті кезеңге арналған жоспарларды айқындау мақсатында қорытынды отырыстар өткізу;
- өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыста болу, комиссия жұмысы туралы ақпарат беру және депутаттық қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау ұсынылсын.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов