Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                       Б. Жүсіпов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Ақмола облысының әкімі

 

­­­___________________ М. Ахметжанов

2025 жылғы «____» желтоқсан                

 

 

«Ақмола облысының

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

__________________ А. Шүгірмақова

2025 жылғы «____» желтоқсан  

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-4 шешімі
Дата публикации
14 января 2026