Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2026 - 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.     

  1. Ақмола облысының облыстық бюджеті және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.     

  1. Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.     

  1. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғат пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі.

Баяндамашы: Шоназаров Умар Файзудинович - Ақмола облыстық мәслихатының депутатық әдеп, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге, оның аппаратын ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге 2026 жылға арналған шығыстарды бекіту туралы.
  2. 2026 жылға арналған Ақмола облыстық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  3. Сегізінші шақыралған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақ туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                          Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-1 шешімі
Дата публикации
14 января 2026