Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік муселелер жөніндегі отырысының №19 ҚАУЛЫСЫ

 

Көкшетау қ.                                                               2025 жылғы 3 желтоқсан

 

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдай және 2025 жылғы қызмет қорытындылары туралы»

 

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы С. С. Омархановтың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері депутаттар облыстағы жалпы эпидемиологиялық жағдай 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тұрақты сақталып жатқанын атап өтті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көптеген жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.

Алайда, тіркелген жағдайлардың азаюына қарамастан, қызылша ауруы шиеленісті болып қала береді. 2025 жылдың 10 айында қызылшаның зертханалық расталған 225 жағдайы тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 649 жағдайға (74,2%) аз (874 жағдай). Науқастардың негізгі бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар (173 жағдай, 76,8%), бұл ұжымдық иммунитетінің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді.

Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жүргізілетін профилактикалық егулермен қамту ағымдағы жылдың 9 айында 72,8% -. құрады, норма 71,2% - дан төмен емес. Бұл ретте Қосшы қаласының аумағында вакциналардың барлық түрлері бойынша оңтайлы қамтуға қол жеткізілмеді – 43,6%, Целиноград ауданында (68,4%) және Көкшетау қаласында (70,0%) қамтудың төмен көрсеткіштері.

Эпидемиялық маусымда, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап облыста жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 48352 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы эпидемиологиялық маусымның ұқсас кезеңінен 1,1 есе жоғары. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрады - 67,4% (32 590 жағдай). Науқастардың үлес салмағының өсуі барлық жас топтарында байқалады.

Облыста туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша оң динамика байқалады, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,4% - ға төмендеді. Сонымен қатар, Ақкөл (29,8/48,6), Біржан сал (31,1/48,7), Бұланды (10,4/38,7), Бурабай (18,4 /29,9), Ерейментау (19,7/49,4), Есіл (24,7/30,6), Жақсы (0,0/39,5) және Қорғалжын (14,4/60,2) аудандарында аурулар санының өсуі байқалады.

Департаменттің бақылауында 1208 денсаулық сақтау объектісі бар, оның ішінде эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы (бұдан әрі-СЭҚ) жоқ 355 (29,4%), оның ішінде 136 медициналық ұйым және мектептердің 219 медициналық кабинеті. 

Динамикада оң үрдіс бар, СЭҚ жоқ объектілер санын 421-ден 358-ге дейін азайту. АМСК (Алғашқы медициналық-санитариялық көмекке) сәйкес келмейтін объектілерінің жоғары үлес салмағы мынадай аудандарда байқалады: Зеренді,10,6% Аршалы, 10,3% Целиноград, 9,7% Жарқайың, 7,8% Ақкөл, 6,7% Атбасар, 6,4% Бұланды, Сандықтау 5,5%, Шортанды 5%, аудандарда.

Осылайша, сәйкес келмейтін объектілердің 90% - ы ауылдық елді мекендердің МП құрайды.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ СЭҚ бар медициналық объектілердің үлес салмағын ұлғайтуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттілігіне қатысты мәселелерді қарастыра отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы С. С. Омархановтың ақпараты назарға алынсын:
  2. Ұсынылсын: Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысына (С. С. Омархановқа):

2.1. Қосшы, Көкшетау қалалары мен Целиноград ауданына ерекше назар аудара отырып, вакцинациямен қамтудың төмен көрсеткіштері байқалған Ұлттық егу күнтізбесінің орындалуын бақылауды күшейту.

2.2. Дәрігерлер мен психологтардың консультацияларын өткізуді, сондай-ақ вакцинация және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселелері бойынша қоғамдық және діни пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, мобильді медициналық топтардың шығуын ұйымдастыру.

2.3. Демалыс күндері сүзгі кабинеттерінің жұмысын, стационарларға баруды шектеуді және медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимді сақтауды қоса алғанда, сырқаттанушылықтың жоғары маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жалғастыру.

2.4. Әлеуметтік желілерді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер мен оқыту іс-шараларын өткізу арқылы халық арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру науқанын жалғастыру.

2.5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін санитариялық талаптарға жедел келтіру және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды уақтылы алуды қамтамасыз ету мақсатында бейінді басқармалармен және аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

  1. Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілсін.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының

әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссиясы төрағасы                                                 С.Сыздықов

 

 

 

Дата публикации
12 января 2026