Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік муселелер жөніндегі отырысының №18 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                               2025 жылғы 3 желтоқсан

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ағымдағы жағдайы, проблемалық мәселелері және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы»

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Т.А. Тұрмағанбет, депутаттар-облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері Ақмола облысында 2025 жылға арналған медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 89,9 млрд. теңгені құрағанын, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4% - ға артқанын атап өтті. Оның ішінде КТМКК (Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі) шеңберінде сома 49,8 млрд.теңгені (55,3%) және МӘМС жүйесінде 40,1 млрд. теңге (44,7%) сомасын құрады.

2025 жылдың 10 айындағы жағдай бойынша 67,8 млрд.теңге (немесе 65%) төленді, 1,5 млрд. теңге игерілмеді. Қаражаттың ең көп игерілмеуі жедел медициналық көмек (ЖМК) саласында, оның ішінде балалар мен босандыру қызметтерінде, сондай-ақ ауыл халқы, стоматология және медициналық оңалту (оның ішінде балаларға арналған) бағыттары бойынша байқалады.

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандырылғандар саны-644 584 адамды немесе тіркелген халық санының 82,8% -. (778 358 адам) құрады. Сақтандырылмаған -133 774 адам немесе 17,2%.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, облыстағы сақтандырылмаған халықтың 72,7%-ы отбасының цифрлық картасының қолайлы (А, В, С) санаттарына жатады. Бұл азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеуге мүмкіндігі әрі дайындығы бола тұра, белгілі бір себептерге байланысты сақтандыру мәртебесіне ие емес.

МӘМС артықшылығы, МӘМС шеңберінде алуға болатын медициналық қызметтер тізбесі және МӘМС аударымдары мен жарналарын төлеудің дұрыстығы мәселелері бойынша сақтандырылмаған тіркелген азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылға арналған Ақмола филиалы 63 жеткізушімен медициналық көмекті сатып алу шартын жасасты, оның ішінде: 34 - мемлекеттік ұйымдар, 29-жеке меншік ұйымдар.

Талқылау барысында депутаттар сапаны бағалаудың сызықтық шкаласын пайдалануға байланысты бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті, бұл әрдайым нақты клиникалық жағдайды, медициналық көмек көрсету кезінде ақауларды талдау жүйесінің икемділігін арттыру қажеттігін және басқа да мәселелерді көрсетпейді.

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) жұмыс істеуіне қатысты мәселелерді қарастыра отырып, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттілігін негізге ала отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Т. А. Тұрмағанбеттің ақпараты назарға алынсын:
  2. Ұсынылсын:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директорына (Т. А.Тұрмағанбетке):

2.1. Облыстың сақтандырылмаған азаматтарының тартылуын арттыру мақсатында МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығы мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

2.2. Тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен Қор арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жалғастыру.

2.3. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қолда бар кредиторлық берешекті ескере отырып, медициналық ұйымдарды қаржылық сауықтыру бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын (жол картасын) әзірлеу.

2.4. Ауылдық және аудандық медициналық ұйымдар үшін әділ коэффициенттерді қалпына келтіру, сондай-ақ қаржыландырудың тең жағдайларын қамтамасыз ететін және өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық тұрақсыздығын болдырмайтын бірыңғай не түзету коэффициентін әзірлеу жөнінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне және ӘМСҚ-ға ұсыныстар дайындау.

2.5. Медициналық ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында медициналық қызметтерді бағалау мен қаржыландырудың қолданыстағы тәсілдерін жетілдіру.

 

  1. Ұсынымның орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілсін.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Әлеуметтік сұрақтар

жөңіндегі тұрақты

комиссияның төрағасы                                                              С.Сыздықов

 

 

Дата публикации
12 января 2026