Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының №16 ҚАУЛЫСЫ

Көкшетау қ.                                                            2025 жылғы 14 қараша

Төрағалық етуші: Сыздықов С. Т. - облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

         Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері өкілдері (тізім бойынша).

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

«2025 жылы қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы».

         Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Б. Дүйсенованың үшінші мәселе бойынша ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері бүгінгі күні қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

          Облыста балаларға қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылады, ол облыстың 10 ауданының және 2 қаласының 57 ұйымында 7 бағыт бойынша орналастырылған. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізгі міндеті - балаларға тегін үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беру, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының көрсеткішімен көзделген балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту.

         Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бір баланың орташа құны қалада - 12 235 теңге және ауылда-15 217 теңге болып белгіленді. Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға жыл сайын 9 800 баланы қамту үшін 1,2 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінеді.

Облыстық білім басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты назарға алынсын.

        Ұсыну:

  1. Ақмола облысының білім басқармасына:

         2.1. 2026 жылы орындар санын 13 000-ға дейін ұлғайтуды көздей отырып, Ақмола облысында балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру.

         2.2. Бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына және уақтылы игерілуіне бақылауды күшейту.

         2.3. Балаларға қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік білім беру тапсырысын ваучерлік қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру.

         2.4. Мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыратын барлық ұйымдарды «Алақан» биометриялық жүйесімен толық жарақтандыру бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ ашықтық пен айқын есептілікті қамтамасыз ету.

         2.5. Ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 2026 жылға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы мәселе қаралсын.

         2.6. Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына мүше депутаттарды қосымша білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру мониторингі жөніндегі комиссияның құрамына енгізу мүмкіндігін қарастыру.

  1. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның қаулысын орындау бойынша ақпарат 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілсін.
  1. Қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                         С. Сыздықов

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025