Көкшетау қ. 2025 ж. 17 қыркүйек
«Амбулаториялық ем кезінде Ақмола облысының
азаматтарының жекелеген санаттарына кепілдендірілген
тегін медициналық көмекті, оның ішінде дәрілік заттарды,
арнайы емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды
қосымша тегін ұсыну туралы»
шешім жобасын алдын ала қарау
Ақмола облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Е. Ермектің ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары - мүшелері бұл бастамаға қолдау білдіріп, тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың ұсынылатын кепілдік берілген көлемінің сапасы мен ашықтығын бақылау қажеттігін атап өтті.
Ауыр сырқаттардан зардап шегетін азаматтарға дәрілік заттарды қосымша беру тізбесіне Анакинра, Селуметиниб, Восоритид препараттары, сондай-ақ «Балалардағы қысқа ішек синдромы» диагнозы кезінде тұрақты терапияға арналған мамандандырылған емдік тамақтану және шығын материалдары енгізілген.
Аталған шараларды іске асыру 2025 жылы қосымша қаржыландыруды қажет етпейді, өйткені шығыстар облыстың денсаулық сақтау басқармасының бекітілген бюджеттік бағдарламалары шеңберінде қаражатты қайта бөлу есебінен жабылатын болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз ету.
2.2. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бақылау мен мониторингті күшейту.
2.3. «Амбулаториялық ем кезінде Ақмола облысының азаматтарының жекелеген санаттарына кепілдендірілген тегін медициналық көмекті, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды қосымша тегін ұсыну туралы» шешім жобасы және шешім жобасына материалдар облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С.Т. Сыздықов